Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Еуропарламенттегі көп депутат Ресеймен диалог орнатқысы келеді, деп мәлімдеді Еуропарламенттегі Люксембург депутаты Фернан Картайзер РИА Новостиге берген сұхбатында.
"Еуропарламент депутаттарына қысым әлі де жоғары болып отыр. Көптеген әріптесім маған жеке өздері Ресеймен диалогқа қатысқысы келетінін айтты. Бірақ өкінішке қарай, олар өз фракцияларынан шығарылуы, саяси партиялары жазалауы немесе басқа да салдарға тап болуы мүмкін болғандықтан, оған қатысудан бас тартуға мәжбүр", - деді Фернан Картайзер.
Оның айтуынша, Еуропарламенттегі көпшілік әлі де Ресеймен диалогқа қарсы болса да, бұл ұстаным тез өзгеруі мүмкін.
"Еуродепутаттардың басым көпшілігі Ресей Федерациясымен кез келген диалогқа қарсы", - деді ол.
Ол егер негізгі еуропалық елдер көшбасшыларының арасында Ресейге деген көзқарас өзгерсе, көптеген Еуропарламент депутатының ұстанымы өзгеретініне сенімді.
"Егер Еуропалық Кеңестің кейбір маңызды мүшелері өз ұстанымын өзгертсе, көптеген Еуропарламент депутаты дереу өз ойын түзетеді", - деді парламентарий.
Бұған дейін Картайзер Еуропарламент депутаттарына 3 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өтетін Ресей Мемлекеттік Думасының өкілдерімен Санкт-Петербургтегі бейресми кездесуге қатысуға шақыру жіберген болатын.