Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Bild
Үнді-тибет шекара полициясы (ITBP) ДНҚ сараптамасының нәтижелерін алғаннан кейін бұл мәліметті ресми түрде растады. Моруптың денесін осы жаз айларында Эвересттің 8 000 метрден жоғары орналасқан «өлім аймағынан» төмен түсіру жоспарланып отыр. Қазір ITBP биік тауда құтқару және эвакуация операцияларын орындайтын компанияны қарастырып жатыр.
1996 жылғы 10 мамырда Моруп Эвересттің солтүстік беткейі арқылы шыңға шығуға тырысқан алты адамнан тұратын топтың құрамында болған. Қарлы боран кезінде топ мүшелерінің үшеуі кері қайтып, ал Моруп пен тағы екі альпинист шыңға шығуды жалғастырған. Көп ұзамай үш альпинист те тауда қаза тапты.
Биік таудан денені түсіру өте қауіпті болғандықтан, Моруптың денесі шамамен 30 жыл бойы сол жерде қалған. Оның мәйіті ұзақ жылдар бойы альпинистер үшін бағыт сілтейтін сұсты «бағдаршамға» (ориентир) айналған болатын
Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды
Көп жылдар бойы бұл адамның кім екені анықталмаған еді. Кейбір альпинистер «Жасыл етік» 1996 жылғы сол топта болған және 28 жасында қаза тапқан үнді альпинисті Цеванг Палджор болуы мүмкін деп болжаған.