Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 1/8 финалда жапониялық Севон Оказавамен кездесті.
70 келіде ел намысын қорғаған Фарух Тоқтасынов 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориті саналған, әлем чемпионы Севон Окадзаваны (Жапония) 3:2 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша Фарух сенсация авторы атанды. Севон Оказава қазірге дейін әлем чемпионы және күміс жүлдегері атанса, Азия чемпионатында екінші орын алған еді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) польшалық Виктория Рогалинскаға есе жіберді.
Ал кешкі сессияда Виктория Графеева (60 келі) әзербайжандық Емили Рзаева, Наталья Богданова (70 келі) түркиялық Бусеназ Сюрменели, Даниал Сәбит (50 келі) мажарастандық Иштван Шзака, Диас Молжігітов (80 келі) аустралиялық Марлон Севехонмен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын алғашқы жекпе-жегінде Назым Қызайбай (54 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі, Диас Молжігітов (80 келі) жеңіске жеткен еді.
Ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (55 келі), Жансері Көшербаев (60 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі) бұл бәсекені ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Сондай-ақ әлем кубогында олардан басқа ерлер құрамасынан Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00–де басталады.