Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жалпы өнім көлемі 998,4 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Соңғы бес жылда бұршақ дақылдарының жалпы жинағы 5,5 есе өскен. Мұндай қарқынды өсім нарықтағы сұраныстың артқанын, жаңа технологиялардың енгізілгенін және егістік алқаптарының кеңейгенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
фото: ашық дереккөз
Ең сұранысқа ие дақыл – қызыл бұршақ. 2025 жылы жалпы өнімнің 78%-ы (775,5 мың тонна) осы дақылға тиесілі болды. Соңғы жылдары 15 есе өскен, бұл бұршақ дақылдары статистикасының жалпы өсіміне үлкен әсер етті. Келесі кезекте жасымық дақылы тұр. 2025 жылы оның жалпы өнім көлемі 196,4 мың тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға өскен.
Сенат төрағасы Жетісу фермерлерімен жаңа Конституцияны талқылады
Фермерлер негізінен кептірілген бұршақ дақылдарына басымдық берген, себебі оларды сақтау және тасымалдау оңай. 2025 жылы кептірілген бұршақтар шамамен 1 млн тоннаны құрап, бір жылда 56,3%-ға өскен. Ең үлкен үлесті үлкен ауылшаруашылық кәсіпорындары қосқан, олардың жалпы өндірістегі үлесі 76,7% болды. Ал шағын шаруа қожалықтар өнімнің 23%-дан астамын қамтамасыз етті.
Соңғы жылдары жасыл бұршаққа да қызығушылық артты. Бұл дақылдар ерте пісіп жетілетіндіктен, жинау мен сатылымға дайындау мерзімінің жылдамдығымен ерекшеленеді. 2025 жылы жасыл бұршақ өнімінің көлемі 24 есе өсіп, жалпы 2,5 мың тоннаны құрады.
Жаңа нарықтық мүмкіндіктер экспортқа да әсер етті. 2025 жылы жас және мұздатылған бұршақтың экспорт көлемі 6,4 есе өсіп, 1,2 мың тоннадан 7,4 мың тоннаға жетті. Экспорттан түскен табыс 3 есе өсіп, шамамен 794 мың АҚШ долларын құрады. Негізгі сатып алушылар – Ресей, Ауғанстан және Пәкістан.
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Кептірілген бұршақтар да шетелге көп сатылды. 2025 жылы экспорт 570 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артты. Үлкен импортер – Түркия (жалпы көлемнің 69,2%), сонымен қатар Ауғанстан, Қытай және Өзбекстан да сатып алды.
Соңғы жылдары егістік алқаптары да кеңейген: кептірілген дақылдарға арналған жер көлемі 781 мың гектарға дейін ұлғайған. Жасымық бойынша жинау алқабы 643 мың гектарды құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 18 есе өскен.
Жасыл бұршақ дақылдары бойынша егістік көлемі 2020 жылы 0,2 мың гектар болса, 2025 жылы 3,2 мың гектарға жеткен, яғни 18 есе өскен.
Бұл аграрлық сектордың бұршақ дақылдарына стратегиялық басымдық беріп отырғанын білдіреді.
Елде фермерлерге арналған тікелей сатып алу бағдарламасы басталды
Соңғы жаңалықтар
Елімізде 200 мың педагог ChatGPT Edu-ді пайдаланатын болады
Білім • Бүгін, 12:32
Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты
Өшпес даңқ • Бүгін, 12:26
Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды
Әлем • Бүгін, 12:13
Фермерлер 2025 жылы бұршақ дақылдарының рекордтық өнімін жинады
Шаруашылық • Бүгін, 11:54
Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды
Әлем • Бүгін, 11:28
Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады
Әлем • Бүгін, 11:17
15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
Референдум • Бүгін, 11:07
«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады
Баға • Бүгін, 10:56
Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды
Оқиға • Бүгін, 10:46
Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Білім • Бүгін, 10:35
Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 10:27
Айбын • Бүгін, 10:14
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ғылымды қолдау – ел болашағына салынған инвестиция
Ғылым • Бүгін, 09:52