Фиджитал аламан: виртуалды аренадан шынайы бәсекеге

01.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Халықаралық мультиспорттық аламан аясында бас­кетболдан топтық кезеңнің ойындары тартысты өтті. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтіп жатқан Phygital Basketball Presented by Halyk Fund жарысының екінші кезеңінде көшбасшы командалар анықталды.

А тобында Handsome MD командасы GTB KZ ұжымын 30:27 есебімен жеңді. Цифрлық кезеңдегі ойын 5:20 есебімен аяқталса, паркеттегі бәсекеде 22:10 нәтижесі тіркелді. Ал Dangerous командасы Zagrebascki Malisanі ұжымымен күш сынасып, қарсыласынан 36:31 есебімен басым түсті.

В тобында Minsk клубының ойыншылары Team Apex командасын 32:20 есебімен еңсерді. Осы топтағы Liga Pro Team ойыншылары Flow Game Basketball ұжымын 38:27 есебімен жеңді. Қазақстанның RBS Astana клубы Vozdovac Beograd командасын минималды басымдықпен, яғни 33:32 есебімен ұтты.

С тобындағы командалар арасындағы бәсеке де тартысты өрбіді. Бұл топта Triada ойыншылары Paris Phygital ұжымын 31:28 есебімен жеңді.

D тобында Boca Juniors ойыншылары Club Pepesqueros командасынан 37:35 есебімен басым түсті. Ал Wilders ойыншылары Valencia Basket клубын 38:32 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алуға мүмкіндік алды.

Бас қаланың туристік әлеуетін арттырып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға ықпал ететін доданың басты ерекшеліктерінің бірі – оның клубтық форматта ұйымдастырылуы.

Дәстүрлі халықаралық турнирлерден айырмашылығы, «Болашақ ойындары» бәсекесіне ұлттық құрамалар қатыспайды. Мұнда әртүрлі елдердің спортшылары бір клубтың сапында өнер көрсете алады. Фиджитал дисциплиналарында командалар алдымен виртуалды аренада бақ сынасып, кейін футбол алаңында, баскетбол паркетінде немесе шаршы алаңда жарыс­ты жалғастырады.

Phygital International ұйымының бас директоры Дэн Мерклидің айтуынша, мұндай формат қазіргі спортта болып жатқан өзгерістерді айқын көрсетеді.

«Болашақ ойындары» – халықаралық спорттық іс-шарадан әлдеқайда ауқымды жоба. Жаһандық фиджитал қозғалысының шыңы саналатын бұл сайыс спорттың жаңа сипат алып келе жатқанын аңғартады. Қазақстан осындай ауқымды доданы ұйымдастыру арқылы инновацияларға, технологияларға, халықаралық ынтымақтастыққа ұм­тылудың керемет үлгісін көрсетті»,  деді Дэн Меркли.

Турнирге спорттың сегіз түрі бойынша жетекші халықаралық клубтар мен командалар қатысып жатыр. Олардың қатарында Team Spirit, T1, Team Falcons, Xtreme Gaming, Vici Gaming, Boca Juniors, Valencia Basket, LGD.Pinghu, Twisted Minds, Bigetron by Vitality және әлемдік спорт пен киберспорт сахнасында танымал өзге де командалар бар.

Сонымен қатар кеше халықаралық дода аясында дрондар арқылы автономды жеткізу жүйесінің таныстырылымы өтті. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің орталық кіреберісінде Орталық Азияда алғаш рет көрермендерге M-Port ақылды постаматтары арқылы дрондардың көмегімен сусындар, жеңіл тағамдар мен сувенирлік өнімдерді жеткізуге мүмкіндік беретін автономды жүйе таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью