ФИФА басшысы Астанадағы турнирге жоғары баға берді

26.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

FIFA президенті Джанни Инфантино Қазақстанға қатысты жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Астанада өтіп жатқан FIFA Series турнирінің ұйымдастырылуына жоғары баға беріп, әсіресе Қазақстан мен Намибия құрамалары арасындағы матчты ерекше атап өтті. Еске салайық, бұл кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

Инфантино әлеуметтік желідегі жазбасында жанкүйерлердің белсенділігі мен матчтың тартысты өткенін айтып, турнирдің басты құндылығы – елдерді біріктіру екенін жеткізді.

"FIFA Series турнирінің сұлулығы да осында – ол түрлі елдерді біріктіріп, командаларға әлемнің түкпір-түкпіріндегі қарсыластармен күш сынасуға мүмкіндік береді", – деді ол.

Сонымен қатар FIFA басшысы Қазақстан футбол федерациясына алғыс білдіріп, Намибия құрамасына да құрмет көрсетті.

Айта кетейік, FIFA Series – 2026 жылдан бастап енгізілген жаңа халықаралық турнир. Оның аясында әлемнің әртүрлі қалаларында рейтингтері шамалас құрамалар кездеседі.

Қазақстан бұл жарысты қабылдаған алғашқы елдердің бірі болды. Турнир аясында 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары кездессе, 31 наурызда Қазақстан құрамасы Комор құрамасына қарсы ойнап, жарысты қорытындылайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью