FIFA Series турнирі: Астанадағы ойындарға Кувейт құрамасы қатыспайтын болды

17.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алғашқыда оған Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған еді. Енді Кувейттің бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізуге шешім қабылданды.

Алдымен қазақстандық футболшылар 25 наурызда Намибиямен шеберлік байқасса, 31 наурызда Комор аралдарымен жасыл алаңға шығады.

Ал 28 наурызда Намибия мен Комор аралдары ойнайды.

Жоба - әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы құрамаларды бір алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық жарыс. Турнирдің басты ерекшелігі – командалардың басқа конфедерация өкілдерімен ойнауына жағдай жасау.

FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта ұйымдастырылды. Сол тәжірибеден кейін жоба толыққанды халықаралық турнир ретінде дамытылып, 2026 жылдан бастап кеңейтілген форматта өтеді.

Басты жаңалық - енді бұл турнирге ерлер құрамаларымен қатар әйелдер ұлттық командалары да қатысады.

Турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру. FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Биылғы турнир матчтары бірнеше елде өтеді. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Сонымен бірге Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдаушы елдер ретінде таңдалды.

Топтардың бөлінісі төмендегіше:

Аустралия: Камерун, Қытай, Кюрасао, Аустралия

Әзербайжан: Оман, Сент-Люсия, Сьерра-Леоне, Әзербайжан

Индонезия: Болгария, Сент-Китс және Невис, Соломон аралдары, Индонезия

Қазақстан: Намибия, Комор аралдары, Қазақстан

Жаңа Зеландия: Кабо-Верде, Чили, Финляндия, Жаңа Зеландия

Пуэрто-Рико: Американ Самоасы, Гуам, Виргин аралдары, Пуэрто-Рико

Руанда: Эстония, Гренада, Кения, Руанда

Руанда В: Аруба, Лихтенштейн, Макао, Танзания

Өзбекстан: Габон, Тринидад және Тобаго, Венесуэла, Өзбекстан;

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады.

Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов кеңейтілген тізімге 50 ойыншыны енгізді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью