Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Маниланың оңтүстік-шығысындағы Кесон провинциясындағы Питого муниципалитетінде ағаш құлап, 5 адам қаза тапты. Елдің орталық бөлігіндегі Батыс Висаяс аймағында тағы 3 адам опат болды. Бұл туралы Филиппиннің азаматтық қорғаныс агенттігі жазды.
— Елдің оңтүстігіндегі Букиднон провинциясындағы Кесон муниципалитетіндегі көшкіннен кейін із-түзсіз жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлады Дж.Кастильо.
Еске сала кетейік, бұған дейін Филиппинде цунами қаупі туралы ескерту жарияланғанын жазғанбыз.