Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Заң жобасы парламентке жіберілген, ал тестілеудің өзі 2027 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңа шара азаматтық туралы заңның жарамдылық талаптарын қатайтуға бағытталған реформаның соңғы кезеңі болмақ. Өтініш берушілердің тұрғылықты жерінің ұзақтығына, қаржылық төлем қабілеттілігіне, сенімділігіне қойылатын талаптар қазірдің өзінде күшейтілген.
Сынақта азаматтық алуға ниетті азаматтың фин қоғамы, заңдары, адам құқықтары, теңдік, сондай-ақ елдің тарихы мен мәдениеті туралы білімі бағаланады. Тестті фин немесе швед тілдерінде тапсыруға болады.
— Финляндия азаматтығы автоматты түрде берілмейді. Бұл реформалар интеграцияға, жұмысқа орналасуға және фин қоғамының ережелерін құрметтеуге ықпал етеді, — деді елдің ішкі істер министрі Мари Рантанен.
Финляндияның көші-қон қызметі тест өткізуге байланысты жаңа функцияларды өз мойнына алады. Тест сұрақтарын дайындауды университеттерге тапсыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, АҚШ Жоғарғы соты сол елде өмірге келгендерге азаматтық беру құқығына қатысты істі қарауды бастады.