Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Агенттіктің хабарлауынша, Ұлттық коалициялық партия жетекшілік ететін оңшыл-орталық коалиция парламентте көпшіліктің қолдауына ие болды: үкіметті қолдап 88 депутат дауыс берсе, 63-і қарсы шыққан, тағы 48 депутат отырысқа қатыспаған.
Сенімсіздік вотумын Социал-демократиялық партия, Солшыл одақ және Жасыл лига бастаған оппозициялық күштер ұсынған. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты үкіметтен түсініктеме талап еткен. Оппозицияның пікірінше, елдегі шамамен бір миллион адам кедейлік пен әлеуметтік оқшаулану қаупінде тұр.
Оппозиция үкіметті әлеуметтік шығындарды қысқартты және экономикалық өсімді ынталандыра алмады деп айыптады. Сондай-ақ жұмыссыздық, баспанасыздық және тегін тамақ кезектерінің артуы атап өтілді.
Әлеуметтік қамсыздандыру министрі Санни Гран-Лаасонен үкімет саясатын қорғап, әлеуметтік қолдау бағытындағы шараларға тоқталды.
Қатаң сынға қарамастан, дауыс беру қорытындысы бойынша үкімет парламенттің сенімін сақтап қалды.
Осыдан бұрын Финляндия азаматтық алу үшін сынақ енгізуді жоспарлап отырғанын жазған болатынбыз.