Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Агенттік деректеріне сәйкес, торттың биіктігі — 57 сантиметр, салмағы — 33,5 килограмм. Оны шамамен 350 бөлікке бөліп кесуге болады. Тортты пісіруге үш күн уақыт кеткен.
Сәрсенбі күні наубайшы Теро Кемппайнен мен бас аспаз Робин Хоппе тортты әзірлеуді толық аяқтады. Торттың үстін безендіретін «қалпақты» көтеру үшін екеуіне де аса мұқияттылық пен дәлдік қажет болған.
— Соңғы штрихтар әрдайым ең толқытатын сәтке айналады, бірақ төртеуіміз бірігіп, бәрін сәтті атқардық, — дейді Кемппайнен.
Алдыңғы рекорд екі жыл бұрын орнатылған. Ол кезде «Рунеберг» тортының биіктігі 46 сантиметр болған.
Рунеберг күні 5 ақпанда Финляндияның ұлттық ақыны Йоханн Людвиг Рунебергтің құрметіне атап өтіледі. Мереке аясында «Рунеберг» тортына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл тәттінің авторы ретінде ақынның жұбайы Фредрика Рунеберг саналады. Оның аспаздық кітабындағы торт рецепті Порвоо қаласының ресми сайтында жарияланған.
Бұдан бұрын СҚО студенттері су тасқынымен күресіп жатқандарға 100 кг жуық бауырсақ-самса пісіргенін жазған едік.