Финляндияда ескі телефон байланысы тоқтатылады | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Стационарлық телефон қызметін ұсынатын ірі фин операторларының бірі – Elisa компаниясы 2026 жылғы 30 маусымға дейін ел аумағындағы барлық стационарлық телефон желілерін толық тоқтататынын мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Финляндияда мұндай байланыс түрін пайдаланатын бірнеше мың абонент әлі де бар екені атап өтілді.
Yle мәліметінше, 2026 жылғы сәуір айының соңында тұтынушыларға стационарлық телефон желісінің ажыратылатыны туралы хат жолданып, байланыс қызметін алмастырудың балама нұсқалары ұсынылады.
«Сіз жазылымыңыз тоқтатылғаннан кейін де стационарлық, яғни үй телефонының нөмірін сақтай аласыз.
Бұл нөмірді мобильді байланыс желісіне көшіруге болады», – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Финляндиядағы тағы екі ірі байланыс операторы – Telia және DNA бұған дейін стационарлық телефон қызметін кезең-кезеңімен тоқтататынын хабарлаған болатын.
Telia бұл қызметтен 2019 жылы бас тартса, DNA оны 2021 жылдан бастап біртіндеп қысқарта бастады.
Читать полностью
Читать новость