Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Kaspi-дің халықаралық рейтингтік агенттіктен қайтадан осындай жоғары баға алғанын мақтан тұтамыз. Біз үшін ең маңызды баға – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі. Күн сайын Kaspi-ді таңдағандарыңыз үшін рақмет!"
Fitch Kaspi-дің бірегей бизнес-моделін атап өтіп, клиенттер мен кәсіпкерлер үшін электрондық коммерцияны, төлемдер мен қаржы сервистерін біріктіретін мобильді қосымшамызды ерекше атап көрсетеді.
Fitch сондай-ақ капиталдың жоғары деңгейі мен тәуекелдерді тиімді басқаруды атап өтеді.
Бүгінде Kaspi-дің сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық кәсіпкер пайдаланады.