Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Depositphotos.com
CNN хабарлауынша, Флорида – OpenAI өнімінің ықтимал қаупіне байланысты компанияны сотқа берген алғашқы штат. Талап-арызда компания сапасыз өнім үшін жауапкершілік туралы заңдарды бұзды, салғырттық танытты және тұтынушыларды жаңылыстырды деген айыптар тағылған.
Флорида штатының бас прокуроры Джеймс Утмайердің айтуынша, компания жасанды интеллект (ЖИ) технологиясын дамыту жарысында балалар қауіпсіздігін екінші орынға ысырып қойған.
«Сэм Альтман мен ChatGPT балаларымыздың қауіпсіздігінен гөрі жасанды интеллект саласындағы бәсекені таңдады. Олар қоғамдық қауіпсіздіктен пайданы жоғары қойды. Флоридада бұған жол берілмейді», деді ол.
Талап-арызда OpenAI ChatGPT қолдануға байланысты бірқатар тәуекелдерді жасырды деген уәж келтірілген. Атап айтқанда, жүйе жаппай кісі өлтіруді жоспарлауға көмектесуі, өзіне қол жұмсауға итермелеуі, жасөспірімдерді ата-ана бақылауынсыз пайдалануға дағдыландыруы және қолданушылардың сыни ойлау қабілетіне кері әсер етуі мүмкін екені айтылған.
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
Сондай-ақ талапкерлер Сэм Альтманды Флорида тұрғындарына келтірілген ықтимал зиян үшін жеке жауапкершілікке тартуды сұрап отыр.
Іс материалдарында бұл OpenAI-ға қатысты жүргізілген алғашқы қылмыстық тергеу екені көрсетілген. Тергеу барысында компанияның 2025 жылы Флорида мемлекеттік университетінде болған қарулы шабуылға қандай да бір дәрежеде қатысы бар-жоғы қарастырылған. Сол оқиға кезінде шериф орынбасарының ұлы 2 адамды атып өлтіріп, тағы 4 адамды жаралаған еді.
Өз кезегінде OpenAI өкілі аталған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, «бұл үлкен трагедия болғанымен, ChatGPT қылмыс үшін жауапты емес» деген ұстанымын жеткізген.
Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін