FlyArystan 1 наурыздан бастап тегін қолжүк нормасын ұлғайтады

03.02.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сурет: FlyArystan

Қазақстандық лоукостер FlyArystan тегін қолжүк нормасына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. 2026 жылғы 1 наурыздан бастап әуекомпаниясының жолаушылары осыған дейінгі 5 кг орнына салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүгін алып жүре алады.

Әуе компаниясы хабарлағандай, қолжүк өлшемдері өзгеріссіз – 56×23×36 см болып қалады. Бұл шешім жолаушылар сұранысының құрылымын, операциялық үдерістерді және әуе тасымалдаушылардың нарықтағы тәжірибесін қамтыған кешенді бизнес-талдау нәтижесінде қабылданды. Жаңа ережелер 2026 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап орындалатын рейстерге рәсімделген барлық әуебилеттеріне, оларды сатып алу күніне қарамастан, қолданылады. 

Ал 2026 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) орындалатын рейстер бұрынғы талаптар бойынша, яғни бір жолаушыға 5 кг-ға дейінгі қолжүк нормасымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, әуекомпаниясы one-piece concept қағидатын сақтайды: жолаушы өзімен бірге белгіленген салмақ пен өлшем талаптарына сәйкес келетін бір ғана қолжүк алып жүре алады. Әуекомпаниясының 2024-2025 жылдардағы деректеріне сәйкес, FlyArystan жолаушыларының шамамен төрттен үшеуі сапарға тек ең аз көлемдегі қолжүкпен шыққан.

FlyArystan лоукост-модельдің негізгі қағидаттары өзгеріссіз қалатынын атап өтеді: жолаушылар қосымша қызметтерді өз қалауы бойынша таңдау арқылы әуе сапарының құнын жеке қажеттіліктеріне сай қалыптастыратынын атап өтті компаниядағылар.

Бүгін, 10:01

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью