FlyArystan ға Wizz Air ден келген топ менеджер президент болды

18.02.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының президенті қызметіне Йохан Эйдхаген тағайындалады.
Бұл туралы Air Astana компаниялар тобы хабарлады. Йохан Эйдхаген FlyArystan-ға Wizz Air компаниясынан ауысады. Соңғы уақытта ол Абу-Дабидегі Wizz Air бөлімшесінің басқарушы директоры қызметін атқарған. Бұған дейін кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор лауазымдарын иеленген. Wizz Air-ге дейін шамамен 15 жыл бойы Nokia компаниясында түрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Эйдхаген FlyArystan президенті ретінде Ричард Леджердің орнын басады. Ал Ричард Леджер Air Astana тобында серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент қызметіне ауысады. Оның негізгі міндеті – халықаралық кодшерингтік жобаларды дамыту, соның ішінде China Southern Airlines және Air India компанияларымен жасалған келісімдер аясындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Air Astana бас атқарушы директоры Питер Фостердің айтуынша, Йохан Эйдхагеннің бюджеттік авиабизнес саласындағы тәжірибесі FlyArystan-ның өсу әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Компания басшылығы жаңа кадрлық тағайындаулар Air Astana тобының ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға серпін береді деп отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью