FlyArystan жаңа президентін тағайындады

18.02.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Air Astana компаниялар тобы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan бюджеттік әуе компаниясының Президенті лауазымына Йохан Эйдхагеннің тағайындалғанын хабарлады.

Йохан Эйдхаген FlyArystan-ға Wizz Air әуе компаниясынан ауысады. Ол онда бірқатар басшылық қызметтер атқарған, соңғы уақытта Абу-Дабиде Wizz Air басқарушы директоры болған. Бұған дейін кадрлар және ESG жөніндегі атқарушы директор, сондай-ақ маркетинг бойынша атқарушы директор қызметтерін атқарған. Wizz Air-ге келгенге дейін ол шамамен он бес жыл бойы Nokia компаниясында әртүрлі елдерде басшылық қызметтерде еңбек еткен.

Эйдхаген Ричард Леджердің орнына келеді. Ричард Леджер Air Astana Тобында жаңа қызметке – серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент лауазымына тағайындалады. China Southern Airlines және Air India компанияларымен жасалған келісімдерді қоса алғанда, кодшерингтік серіктестіктер Топтың халықаралық қызметін кеңейтуде маңызды рөл атқарады. Ричард осы бағыттағы мүмкіндіктерді дамытуға және өңірдің ірі нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге жауапты болады.

Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер:

«Йоханның Wizz Air компаниясындағы кадрларды басқару, ESG және маркетинг салаларындағы көпжылдық тәжірибесі мен бюджеттік әуе компанияларының бизнес-моделі туралы терең түсінігі FlyArystan-ның өсу әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік береді. Технологиялық инновациялар FlyArystan үшін әрдайым қызмет сапасын арттырудың, баға мен жайлылық арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі элементі болып келді. Йоханның жетекшілігімен бұл бағыт жаңа серпін алып, FlyArystan өңірде және одан тыс өз позициясын нығайта түсетініне сенімдімін.

Серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент қызметіне ауысатын Ричардқа алғыс білдіреміз. Ол біздің өсу стратегиямыздың негізгі элементтерінің бірі саналатын кеңейтілген стратегиялық серіктестіктерді дамытуға жауапты болады.

Сәуір айында бас атқарушы директор қызметіне кірісетін Ибрахим және наурыз айында қаржы жөніндегі атқарушы директор ретінде қосылатын Гонсалу Пирешпен бірге, Air Astana компаниялар тобы өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясын табысты жүзеге асыруды жалғастыратынына сенімдімін».

Бүгін, 14:46

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью