Flydubai компаниясының екінші ұшқышы Израиль әуежайында ұшақты апатқа ұшыратуды жоспарлаған БАҚ

05.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тергеу барысында Flydubai рейсінің ұсталған екінші ұшқышы Хамам әл-Хаммами осы әуекомпанияны таңдамас бұрын Тель-Авивке рейс орындайтын әуекомпанияларын зерттеп көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz The Jerusalem Post басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы басылымға аты-жөнін атамаған израильдік дереккөз хабарлаған.

"Мен барлық әуекомпанияға жұмысқа орналасуға тырыстым. Операцияны компанияға жұмысқа қабылданғанға дейін жоспарлағанмын. Арманым Бен-Гурион әуежайына соғылу болатын" - деді Хамам әл-Хаммами тергеу кезінде.

Мәліметтер бойынша, ол кейінгі айларда ұшқыш ретіндегі қызметі аясында осы әуежайда тұрақты түрде болып тұрған.

Оның Израильге жасаған соңғы сапарларының бірі шамамен шілде айында өткен. Сол уақытта ол барлау мәліметтерін жинап, шабуылға дайындалған делінеді. Бірнеше күннен кейін Хамам аль-Хаммами ұшақты ел аумағында апатқа ұшырату ниетімен Израильге қайта ұшып келді. Алайда экипаж мүшелерінің бірімен жақындығына байланысты оның бойында үлкен ішкі қайшылық туындап, ұшқыш шабуылды қыркүйек соңына дейін шегерген.

Сонымен қатар, италиялық Corriere della Sera газеті Израиль барлау қызметіне сілтеме жасап, ұшқыштың Тель-Авивтегі зәулім ғимараттарға соғылуды жоспарлағанын хабарлады. Басылымның мәліметінше, ол алдымен капитан Смит Маччхарды өлтіріп, содан кейін Тель-Авив бағытындағы жоспарланған бағдар бойынша ұшуын жалғастырып, ұшақты қала ғимараттарына бағыттауды көздеген.

Операция жойғыш ұшақтар араласып үлгермейтіндей өте жылдам қарқынмен жоспарланған. Ұшқыш бұған дейін Oman Air компаниясында жұмыс істеген, алайда оның көзқарастары исламдық экстремизмге тым жақын деп танылып, соның салдарынан қызметінен босатылған. Газеттің нақтылауынша, ол сегіз ай бұрын Flydubai әуеакомпаниясына жұмысқа қабылданған.

Израил билігі ұшқыш ешқандай лаңкестік ұйымның нұсқауынсыз, өз бетінше әрекет етіп, ұшақты апатқа ұшыратпақ болған деген пайымға сүйеніп отыр, деп түсіндірді The Jerusalem Post дереккөзі.

Бен-Гурион атындағы әуежай Тель-Авивтен оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.

“Штурвалды тарттым“: Flydubai жолаушысы ұшақты құтқаруға қалай көмектескенін айтып берді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью