Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фотографтың сөзінше, ол сирек кездесетін жыртқышты тек көріп қоймай, жақын жерден суретке де түсіріп үлгерген.
– Бүгін арманым орындалды – өз тауларымызда ілбісті көрдім! Бұл – Алматының символы әрі таудың нағыз иесі. Оны тек көріп қоймай, жақыннан суретке түсіру де бұйырды. Ілбіс маралды ұстап алып, жартастан төмен лақтырып, сол жерде асықпай қоректенді. Кейін жемтігін күзетіп тұрды. Дәл осы сәтте бірегей кадрлар түсіруге мүмкіндік туды, - деп жазды ол.
Ілбіс – Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Оны жабайы табиғатта көру өте қиын, себебі ол биік таулы өңірлерде тіршілік етеді әрі өте сақ жануар. Ілбіс Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтарды қоса алғанда, ерекше қорғалатын тоғыз табиғи аумақта кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Шарын шатқалында Қызыл кітаптағы сабаншы видеоға түсіп қалғанын жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)