Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Миланға келген сәттен-ақ көктемнің лебі сезіледі. Қала көшелерінде қар жоқ, шөп көгеріп тұр.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformАуа райының жылы болуына байланысты тұрғындар қалың киінбейді, велосипед пен мопед мінген жастар көп. Қала тұрғындарының айтуынша, 2026 жылдың алғашқы қары қаңтардың соңында жауғанымен, көп ұзамай еріп, арты жаңбырға ұласқан.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformТарихы терең Милан – Еуропадағы ең ірі қалалардың бірі. Сонымен қатар, қала сауда, өнеркәсіп, музыка, спорт, әдебиет, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында ықпалы зор, әлемге сән мен дизайн астанасы ретінде танымал.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformӘйгілі музыкалық және опералық дәстүрі бар Милан – Ла Скала театры мен Джузеппе Верди сынды ұлы композитордың алтын бесігі. Қала сондай-ақ көптеген музей, университет, академия, сарай, шіркеу және кітапханаларымен де белгілі. Әлемге әйгілі «Милан» және «Интернационал» футбол клубтары ойындарын қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өткен «Сан-Сиро» стадионында өткізеді.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformОлимпиада күндері Милан көшелерінде мерекелік атмосфера айқын сезіледі. Пьяцца-дель-Дуомо (Piazza del Duomo) сынды орталық алаңдар мен тарихи ғимараттар Олимпиада нышандарымен безендіріліп, әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер мен туристерді қарсы алуда. Қаланың заманауи келбеті мен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін сәулеті қысқы спорт рухымен үйлесім тапқан.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformМилан қысқы Олимпиада аясында мұз спорттарының негізгі орталықтарының бірі саналады. Мұнда мәнерлеп сырғанау, хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру сияқты спорт түрлерінен 30 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада ареналары халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, спортшылар мен көрермендерге қолайлы жағдай жасалған.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformҚаланың күнделікті өмірі де Олимпиада ырғағына бейімделген. Метро мен қоғамдық көліктерде Олимпиадаға келген БАҚ өкілдеріне тегін қатынау мүмкіндігі қарастырылған. Еріктілер шетелдік қонақтарға бағыт-бағдар көрсетіп, ареналарға адаспай жетуіне көмектесіп жүр. Дәмханалар мен мейрамханаларда Олимпиада символикасы кеңінен қолданылып, жанкүйерлерге арналған арнайы мәзір ұсынылып жатыр.
Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/Kazinform Фото: Мұхтар Қалимоллаұлы/KazinformҚысқы Олимпиада Милан үшін тек ірі спорттық дода ғана емес, қаланың халықаралық беделін арттырып, Италияның ұйымдастырушылық әлеуетін айқындайтын маңызды оқиғаға айналып отыр.