Франция АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттерін мақұлдай алмайды Макрон

04.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясын қолдамады.

"Бұл халықаралық құқық шеңберінен тыс жүргізілді, біз оны мақұлдай алмаймыз", - деді ол халыққа жолдауында.

Макрон жағдайдың ушығуына Иранды кінәлады. Оның айтуынша, Тегеран қауіпті ядролық бағдарламаны әзірлеп жатқанын және көршілес мемлекеттердегі террористік топтарды қаруландырып, қаржыландырып жатыр.

Президент Таяу Шығыста ұзақ мерзімді бейбітшілік тек дипломатия арқылы ғана мүмкін деп санайды. Ол Ливандағы Израильдің жер үсті операциясы қақтығыстың ушығуы және стратегиялық қателік болатынын айтты.

Сонымен қатар Париж Таяу Шығыстағы одақтас елдердің әуежайларына Rafale жойғыш ұшақтарын, зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін және радарларын орналастырды.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран Ислам Республикасына қарсы кең ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін мәлімдеді. Президент Дональд Трамп өз кезегінде Иранның әскери-теңіз күштері мен қорғаныс өнеркәсібін жою ниетін жариялап, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.

1 наурызға қараған түні Иран телевизиясы Жоғарғы көсем Әли Хаменеидің қайтыс болғанын хабарлады. Тегеран Израиль аумағы мен Таяу Шығыстағы америкалық нысандарға соққы беру арқылы жауап берді.

Бір күн бұрын Трамп әскери операцияның бастапқы төрт-бес аптаға созылуы мүмкін екенін мойындады. Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы одан да күшті соққылар болатынын хабарлады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью