Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астанадағы Шарль де Голль ескерткіші алдында Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Францияда партизан отрядтарының құрамында шайқасқан жауынгерлердің рухына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен екі елдің тарихи мұрасына құрмет белгісі ретінде Бас штаб бастығы − Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Қуанышбек Үштаев пен Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвиан Гиоге Франция халқының тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігінің символына айналған Шарль де Голль ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
– Соғыс жылдары миллиондаған адам тағдыры сынға түсті. Отқа оранған майдан даласында француздармен бірге жауға қарсы жан алып, жан беріскен шайқаста жеңіске жетуге партизандардың қосқан үлесі зор болды. Бүгінгі марапаттау рәсімі тек өткенге тағзым ғана емес, батырларымыздың ерлігін ұлықтау. Жауынгерлеріміздің есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталады, – деді генерал-майор Қуанышбек Үштаев.
Қанды қырғында 300-ден астам отандасымыз Францияның Тулуза қаласы мен оның маңын азат етуге белсене қатысқан.
Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн
Бүгін сол жауынгерлердің бесеуі, яғни Ахмет Бектаев, Бектемір Байжанов, Нұранбай Баймұратов, Өтеуәли Бейсенғалиев, Ахмет Субаловтың балалары мен немерелерін Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильвиан Гиоге Француз Республикасының Қарулы күштер және ардагерлер министрі Катрин Вотреннің атынан 1939-1945 жылғы Екінші дүниежүзілік соғыста Францияны азат етуге шайқасқаны үшін «Азат ету» медалімен марапаттады.
– Үш жүзден астам Қазақстан азаматы Франция жерінде француздармен бірге, қатарласа, елімізді азат ету жолында шайқасты. Осылайша, олар өз Отанына мыңдаған шақырым жерде, ортақ жауға қарсы бірігіп, қиындықтарды бастан кешіріп, қан төгіп, тіпті жандарын пида етті. Кезінде генерал де Голль оларға құрмет көрсетті, ал бүгінгі Франция мұны ұмытпайды, – делінген Франция Қарулы күштері және ардагерлер министрі Катрин Вотреннің сөзінде.
Партизан жауынгерлердің балалары мен немерелері ерекше толқып, алғыстарын білдірді. Ұрпақтары бұл Жеңістің 81 жылдығында ерекше сый болғанын айтады.
Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды
– Бүгінгі толқынысымыз ерекше. Әкеміздің ерлігі ұлықталып жатыр. Өте ризамыз, көзімізге жас келіп тұр. Батырлар рухына құрмет көрсетіп жатқан Францияға, еліміздің Қорғаныс министрлігіне алғысымыз шексіз, – деді партизан жауынгер Бектемір Байжановтың ұлы Сырлыбай Бектеміров.
Іс-шара соңында марапаттау рәсіміне қатысқан ардагерлер мен қонақтар естелік суретке түсті.
Соңғы жаңалықтар
Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Елорда • Бүгін, 12:28
Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:03
Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн
Қоғам • Бүгін, 10:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 09:27
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
30 млн еуро: Хорватиялық экс-шенеунік Қазақстанда қолға түсті
Оқиға • Кеше
Айдын және Анар Рахымбаевтар байлығының жартысын қайырымдылыққа береді
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет және киберсалада бақылауды күшейтеді
Қоғам • Кеше
Инсульттан кейінгі оңалту: Елімізде жасанды интеллект көмегімен экзоскелет жасалды
Медицина • Кеше
Жасөспірімге қызмет көрсеткен: Алматыда ойын клубы заң бұзғаны үшін жабылды
Алматы • Кеше