Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Франциядағы қазақ қауымы Мұстафа Шоқайдың рухына тағзым етті.
Олар қайраткердің Париж маңындағы Ножан-Сюр-Марн қалашығында орналасқан ескерткіш мүсініне гүл қойып, еске алды. Қазақтың көрнекті саяси тұлғасының туғанына 135 жыл толуына арналған шараны Alem қауымдастығы ұйымдастырды. Іс-шара қатысушылары Мұстафа Шоқайдың күреске толы ғұмырын, Франциядағы эмиграция жылдарын еске алып, оны еркін ойдың және азаттық үшін күрестің символына айналған ірі тұлға деп сипаттады.
Майра Ысқақова, Аlem қауымдастығының вице-президенті:
- 25 желтоқсан Мұстафа Шоқайдың туған күні. Бүгін 135 жылдығы, сондықтан осындағы қазақтар, барлығымыз жиналып, есімізге түсіріп, тағзым етіп, гүлшоқтарын қойып келдік. Өте жас жастар бар осында оқып жатқан, солардың алдында біз есімізге түсіріп, ылғи, жыл сайын осы жерге келеміз. Менің ойым бойынша, Мұстафа Шоқай тек қана қазақтарды емес, бүкіл түркі халқын жинап, біріктіріп, енсемізді көтеретін.