Франция құрамасын Зинедин Зидан жаттықтырады

28.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

54 жастағы маманмен төрт жылдық келісімшарт жасалды. Оның жетекшілігімен Франция құрамасы 2028 жылғы Еуропа чемпионатына және 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

Зидан 2012 жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырған Дидье Дешамның орнына келді. Дешамның басшылығымен Франция 2018 жылғы әлем чемпионы атанып, 2020/21 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы болды.

Дастан Сәтпаев «Челси» сапында матчқа қатысады

Жаңа бас бапкердің жетекшілігімен Франция алғашқы матчын 25 қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында Түркия құрамасына қарсы өткізеді. Одан кейін өз алаңында Италия құрамасын қабылдайды.

Зиданның соңғы жаттықтырған клубы – мадридтік «Реал». Ол бұл клубпен қатарынан үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ал Франция құрамасының сапында әлем және Еуропа чемпионы атанып, 1998 жылы «Алтын доп» сыйлығына ие болды.

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью