Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Франция Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына қарамастан Украинаға көрсетілетін көмектің көлемін қысқартпайды. Бұл туралы Францияның қорғаныс министрі Катрин Ватронен мәлімдеді.
Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбі күні "Шарль де Голль" ұшақ тасығышын Жерорта теңізіне қайта орналастыру туралы тапсырма бергенін растады.
"Ресурс қысқартылмайды (Украинаға – ред.), өйткені біздің елдің бюджеті Таяу Шығыста операциялар жүргізуге де, сонымен қатар Украинаға көмектесуге де мүмкіндік беретіндей етіп жоспарланған", – деді Франция қорғаныс министрі RTL радиостанциясына берген сұхбатында.
Бұған дейін БАӘ Қорғаныс министрлігі Иран Абу-Дабидегі француз әскери-теңіз базасына дронмен шабуыл жасағанын хабарлаған. Әңгіме француз әскери-теңіз күштерінің базасы – "Camp de la Paix" туралы болып отыр. Бұл база 2009 жылы ашылған және сол кезде Францияның кейінгі 50 жылдағы шетелдегі алғашқы әскери нысаны болған.
Дүйсенбі күні Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро шабуыл фактісін растады, алайда оның тек аздаған материалдық шығын келтіргенін айтты.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранге соққы жасай бастады. Салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққысын жасап жатыр.