Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Франция Украинаға Еуропалық одақ бөлген 90 млрд еуролық кредит қаражатына еуропадан тыс елдерден қару сатып алуға берілетін рұқсат мерзімін шектеуді ұсынып отыр. Бұл туралы Euronews өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Франция ЕО қаржысының басым бөлігі еуропалық, соның ішінде француз қорғаныс өнеркәсібін қолдауға жұмсалғанын қалайды", – деп жазылған материалда.
Кредит шарттарына сәйкес, Украина ЕО мен Еуропалық экономикалық аймақтан тыс жерлерден қару-жарақ сатып ала алады. Бұл тек еуропалық өндірушілер қажетті қару көлемін жеткізе алмаған, оны белгіленген мерзімде өндіруге үлгермеген немесе тым жоғары баға ұсынған жағдайда мүмкін болады. Алайда мұндай сатып алулардың үлесі жалпы соманың 35%-ынан аспауға тиіс.
Бұған дейін Еурокомиссия Украинаға әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, зымырандар, оқ-дәрілер мен радарлар сатып алуға қосымша 6,1 млрд еуро бөлу туралы шешімді мақұлдады.