Францияда Эпштейн ісіне қатысты шағымдар көбейді

18.05.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Нью-Йорктың түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннен зардап шегуі мүмкін адамдардан түскен арыздың саны шамамен 20-ға жетті. Бұл туралы Париж прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: New York State Sex Offender Registry via AP

Тергеудің мақсаты − Франция аумағында адам саудасына қатысты іс бойынша Эпштейннің қылмыстық әрекетіне көмектескен ықтимал делдалдарды анықтау.

«Қазіргі кезеңде жауапқа тартылуы мүмкін тұлғалардан жауап алынған жоқ», деді Париж прокуроры Лор Беко.

Оның сөзінше, ең алдымен ықтимал жәбірленушілердің арыздарын жинап, содан кейін заттай дәлелдемелерді зерттеу керек.

Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін

Тергеудің соңғы кезеңінде Эпштейннің компьютеріндегі деректерге, оның телефонмен сөйлесу кезіндегі әңгімелері және мекенжай кітапшаларына сараптама жасалмақ.

Джеффри Эпштейн 2008-2009 жылдары жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін жаза өтеген. Ол 2019 жылғы 6 шілдеде кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанау айыбы бойынша қайта қамауға алынып, 10 тамызда Манхэттендегі түрме камерасында асылып қалған күйінде табылған.

2025 жылдың желтоқсанында Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың алғашқы бөлігі жарияланды. Ал 2026 жылғы 30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі «Эпштейн файлдарынан» тағы 3 миллионнан астам бет, 2000 бейнежазба және 180 мың суретті жария етті.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады

Бұған дейін АҚШ-та енді ең ауыр қылмыс жасағандарға қатысты ату, электр орындығы және газбен тұншықтыру әдістері қолданылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй нарығы: Баға қалай құбылады?

Құрылыс • Бүгін, 13:05

Министрлік: Еліміздің көмір қоры 300 жылға жетеді

Энергетика • Бүгін, 13:01

Алматының бірнеше ауданында жарық уақытша өшіріледі

Алматы • Бүгін, 12:57

Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті

Технология • Бүгін, 12:45

Қазақстанның халықаралық резервтерде қанша алтыны бар?

Экономика • Бүгін, 12:38

Жұлдыз Сүлейменова жаңа орынбасарын таныстырды

Тағайындау • Бүгін, 12:25

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы қамаудан босап шықты

Әлем • Бүгін, 12:19

«Музей түні»: Қазақстанда ерекше мәдени кеш қалай өтеді?

Музей • Бүгін, 12:09

Ұлттық құрама шабуылшысы РПЛ турында үздік атанды

Футбол • Бүгін, 12:00

Илон Маск Францияда қамауға алынуы мүмкін

Әлем • Бүгін, 11:55

Сауалнама: Жастардың 90%-ға жуығы ел дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Атыраудағы отбасының өлімі: Атышулы іске қатысты сот отырысы басталды

Қылмыс • Бүгін, 11:32

АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысты

Әлем • Бүгін, 11:22

Өз әйелін қағып өлтірген: Күдікті полиция қызметкері болуы мүмкін

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:07

Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттады

Экономика • Бүгін, 10:58

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью