Францияда хантавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды

11.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

MV Hondius кемесінде болған франциялық әйелдің хантавирус жұқтырғанын анықтайтын ПТР-тест нәтижесі оң шықты. Бұған дейін осы кемеде ауру ошағы тіркелген еді. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ға сілтеме жасап.

MV Hondius кемесінде болған франциялық әйелдің хантавирус жұқтырғанын анықтайтын ПТР-тест нәтижесі оң шықты. Бұған дейін осы кемеде ауру ошағы тіркелген еді. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ға сілтеме жасап.

"Бұл әйел круиз лайнерінде болған. Ол кеше елге оралды, түнде жағдайы нашарлап, хантавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті", — деді Рист.

Франция денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір әйел инфекциялық ауруларға маманданған ауруханада жатыр.

Бұл - Франциядағы хантавирус жұқтырған алғашқы адам. Ел билігі әйелмен байланыста болған 22 адамды анықтады. Үкіметтің баспасөз хатшысы Мод Брежонның айтуынша, билік инфекцияның әрі қарай таралуына жол бермеу үшін "барынша қатаң шаралар" қабылдап жатыр.

"Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ екенін тағы да баса айтқым келеді. Кейінгі жылдары бастан өткерген оқиғаларды ескере отырып, бәріміздің бойымызда болуы мүмкін қорқынышты түсінемін", - деп атап өтті Мод Брежон.

Бұған дейін MV Hondius кемесінен түскен бес франциялық мінген ұшақ Париж маңындағы Ле Бурже әуежайына қонған болатын. Олардың төртеуінен алынған ПТР-тест нәтижесі теріс болып шықты.

Аса қауіпті хантавирус ошағы Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған Нидерландының MV Hondius круиз лайнерінде анықталды. ДДСҰ жеті адамның вирус жұқтырғанын растады, үш адам көз жұмды. Өткен жексенбіде MV Hondius кемесі Канар топаралындағы Тенерифе аралының жағалауына жетті.

Кеше Испанияда және Атлант мұхитының оңтүстік бөлігіндегі Тристан-да-Кунья топаралында екі адамның хантавирус жұқтырғаны анықталған. Дүйсенбіде MV Hondius кемесінен эвакуацияланған АҚШ азаматынан хантавирус табылды. Өз кезегінде Польшада хантавирус жұқтырды деген күдікпен бір адам санитарлық бақылауға алынды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью