Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Үкіметтің бірінші отырысы 14 қазанға жоспарланған.
Жаңа француз үкіметінің құрамы Себастьен Лекорню премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан соң екі күннен кейін жарияланды. Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро, Экономика және қаржы министрі Ролан Лескур, Мәдениет министрі Рачида Дати және Әділет министрі Жерар Дарманин өз орындарында қалды.
Жаңа кабинеттегі 30-дан астам министр, премьер-министрдің орынбасары және вице-министрлер арасында қоғамға аса танымал емес тұлғалар да бар.
Осыдан екі күн бұрын Макрон Себастьен Лекорнюді Францияның премьер-министрі етіп қайта тағайындаған болатын.