Францияда Пикассо картинасы лотерея арқылы ойнатылады

13.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Пабло Пикассо картиналарының бірі Францияда қайырымдылық лотереясы арқылы ойнатылмақ.

Лотерея 14 сәуірде Christie’s аукцион үйінде өтеді. Ойынға қойылған туынды — «Tête de Femme» («Әйел жүзі»). Картина 1941 жылы салынған.

Бұл алғаш рет ұйымдастырылып отырған акция емес. 2013 жылы «100 еуроға 1 Пикассо» жобасы кезінде АҚШ-тан келген өрт сөндіруші «Опера шляпасын киген адам» (1914) картинасын ұтып алған. 2020 жылы осындай лотереяны Италия тұрғыны жеңіп, Рождествоға Пикассоның ұлы сыйлаған натюрморттын иеленген.

Коллекционер Дэвид Нахмадтың айтуынша, бұл бастаманы суретшінің өзі де қолдар еді, себебі Пабло Пикассо өмірінде жиі туындыларын сыйға беріп, өнерді кең аудиторияға қолжетімді етуді қалаған.

Ұйымдастырушы — Альцгеймер ауруын зерттейтін қор. Ол Париждегі ірі мемлекеттік ауруханалардың бірінде жұмыс істейді және 2004 жылдан бері Франциядағы осы бағыттағы ең ірі жеке ғылыми инвесторға айналған.

Ойында барлығы 120 мыңға дейін билет сатылып, 12 млн еуроға дейін қаражат жиналуы мүмкін. Түсімнің шамамен 1 млн еуросы туынды иесі Opera Gallery-ге беріледі.

Бұған дейінгі екі осындай акция жалпы 10 млн еуродан астам қаражат жинап, Ливан мен Африка елдеріндегі мәдени және гуманитарлық жобаларға бағытталған.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Париждегі Christie’s дүкенінде Пикассоның осы туындысы сатылымға қойылғаны хабарланған болатын. Картина шамамен бір миллион еуроға бағаланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью