Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Сағат 07:00-де Францияның RATP көлік компаниясы автобустардың «кем дегенде түскі уақытқа дейін» қатынамайтынын хабарлады. Себебі «қауіпсіздік жағдайлары қалпына келтірілгенше» қызмет тоқтатылды. Бұл ереже «Île-de-France Mobilités» компаниясына да қатысты. Қала метро желісі әлі күнге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.
Франциядағы N118 трассасы көктайғаққа байланысты екі бағытта да жабылды. Жалпы елдегі жолдардағы жағдай нашарлап барады. Иль-де-Франс аймағындағы кептеліс сағат 8-ге дейін салыстырмалы түрде аз болса, кейін күрт өсті: сағат 9-да 700 км-ден асты, кейін 950 км-ге жетті. Айта кетейік, рекорд дүйсенбі күні тіркелген — 1019 км.
Қалың қар Париждегі теміржол вокзалдарына да әсер етті. Сен-Лазар вокзалында Руандан келген TER пойызы 50 минутқа кешігіп, Гаврдан келген пойыз 1 сағат 20 минутқа кешікті.
Монпарнас вокзалында La-Rochelle бағытындағы TGV пойызы қар салдарынан тоқтатылды, Лион вокзалында барлық пойыз кем дегенде 1 сағатқа кешіктірілді.
Сәрсенбі күні таңертең қар жауып, Шарль-де-Голль әуежайында шамамен 100 рейс, ал Орли әуежайында 40 рейс тоқтатылды. Көлік министрі Филипп Табаро CNews телеарнасына берген сұхбатында «кешке қарай жағдай қалыпқа келуі мүмкін» деген үміт білдірді.
Еске салсақ Еуропадағы қалың қар жауып жүздеген әуе рейсі тоқтатылғаны туралы жазған едік.