Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: DW
Тергеу органдарының мәліметінше, күдіктілердің бірі – 18 жаста. Оның бұрын сотталмағаны анықталған. Ұсталған кезде жас жігіттің қолы күйемен былғанған, ал жанынан оттық табылған.
Парижден оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан Фонтенбло коммунасы маңындағы ормандағы өрт 12 шілдеде басталды. Биліктің мәліметіне сәйкес, өрт салдарынан 1 300 гектардан астам орман жанып кеткен. Қауіпсіздік мақсатында 1 000-ға жуық адам эвакуацияланып, бірнеше автомагистраль жабылды.
Өртті сөндіру жұмыстарына шамамен 600 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Төтенше жағдай қызметтері суды әуеден төгу үшін төрт Canadair ұшағын, екі Dash ұшағын және үш тікұшақты пайдаланған. Құтқару операцияларын басқарған Жан-Марк Сикардың айтуынша, барлығы 187 рет су төгілген.
Германияда орман өртеніп, соғыстан қалған оқ-дәрілер жарылып жатыр
Бұған дейін дәл осы орманнан өрт шыққаны туралы хабарладық. Жағдай күрделеніп, қою түтін мен өрт қаупіне байланысты елдің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын A6 автомагистралінің бір бөлігі жабылды. Сондай-ақ пойыздардың қозғалысы да бұзылды.