Франциядағы орман өрті: Тағы 4 мыңға жуық адам эвакуацияланып жатыр

29.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Getty Images

Жиронда өңіріндегі өртке байланысты осы уақытқа дейін 220 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік өрттің таралуы тоқтатылғанын, бірақ толық сөндірілмегенін мәлімдеді.

«Соғыс уақытын есептемегенде, бұл еліміздегі бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша бұрын-соңды болмаған ең ірі операция болуы әбден мүмкін», деді Францияның Ішкі істер министрі Лоран Нуньес.

Испаниядағы орман өрті 77 мың гектардан астам аумақты шарпыды

Жиронда өңірінің әкімшілігінің мәліметінше, алдын ала эвакуациялау туралы бұйрық Лакано курорты маңындағы кемпингтерге, демалыс аймақтарына, туристік резиденцияларға және ойын-сауық саябақтарына қатысты шығарылған.

«Қазір жағдай өте күрделі. Алдағы күндері ауа температурасы көтерілсе де, біз өртпен күресті жалғастырамыз», деді ұлттық өрт сөндірушілер федерациясының өкілі Эрик Брокарди.

Метеорологиялық қызмет Жиронда өңірінде аптап ыстыққа байланысты «сары» деңгейдегі ескерту жариялап, ауа температурасы 33-35 градусқа дейін көтерілетінін болжады.

Сонымен қатар Ланд өңірінде эвакуацияланған 15 мың адамның, яғни жалпы эвакуацияланғандардың жартысына жуығына үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. Ондағы орман өртінің таралуы тоқтатылған. Сангине, Парентис-ан-Борн, Бискаррос авиациялық кенті және ірі кемпинг тұрғындары да үйлеріне оралуға мүмкіндік алды.

Италияда орман өртін қасақана ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр

Алайда билік Ланд өңіріндегі өрттің әлі толық сөндірілмегенін ескертті. Қалған өрт ошақтары, жел мен құрғақшылық салдарынан тұтануы мүмкін. Мамандар бақылау мен өртті сөндіру жұмыстары бірнеше күнге, тіпті бірнеше аптаға созылуы ықтимал екенін айтты.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл елде жалпы аумағы 1 160 шаршы шақырымнан астам жер өртенген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью