Француз компаниясы елдің оңтүстігінде алып жел электр станциясын салуды бастады

18.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаны француздың «Total Energies» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,1 млрд долларды құрайды. Жел электр станциясын іске қосу 2028 жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Нысанның орнатылған қуаты 1 ГВт болады, бұл оны Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың біріне айналдырады. Жоба аясында Envision және SANY компанияларының 150 заманауи жел турбинасын орнату көзделген. Сонымен қатар француздың Saft компаниясынан қуаты 600 МВт·сағ болатын энергия жинақтау жүйесі енгізіледі.

Жыл сайынғы электр энергиясын өндіру көлемі 4 млрд кВт·сағ-қа дейін жетеді деп күтілуде, бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын кемінде жылына 3,2 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және экономиканы декарбонизациялау мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосады.

-Жалпы, Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК жобасын іске қосу жоспарланып отыр, оның ішінде 4 ЖЭС, 5 КЭС және 1 СЭС бар. Осы жылы 8,8 млрд кВт·сағ «жасыл» энергия өндіру жоспарланып отыр,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда нарықты дамытудың маңызды құралы ретінде 2024–2027 жылдары 6,7 ГВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізу жалғасатыны айтылған.

Masdar, China Power және China Energy секілді әлемдік көшбасшылардың жобаларын іске асыру басталады.
Ұзақ мерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде 8 ГВт-тан астам ЖЭК қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Осыған дейін Қазақстан мен АҚШ энергетика саласындағы ынтымақтастықты күшейтетіні туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью