Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған бұл лирикалық туынды психологиялық иірімдерге толы ХХ ғасырдағы опера өнерінің жауһары саналады. Бір ғана кейіпкердің тағдыры мен ішкі арпалысына құрылған бұл қойылым көрерменге жалғыздық, махаббат және қоштасу сезімдерін тереңінен сезінуге мүмкіндік береді.
Сахнадағы драмалық образды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп сомдайды. Қойылымда ол көрерменге актерлік ойынымен қатар вокалдық шеберлігін де паш етеді.
Операны Қанат Омаровтың дирижерлігімен Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдейді.
— Қойылымның қазақ тілінде сахналануы — отандық өнер үшін маңызды қадам. Себебі көрермен қауымға классикалық туындыны ана тілінде тыңдап, түсінуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті министрлік.
Бұдан бұрын «Астана Операда» эстон музыкасының концерті өткені хабарланды.