7kun.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Freedom Travel іссапар ұйымдастыратын ЖИ агентін іске қосты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұрын іссапар ұйымдастыру бірнеше кезеңнен тұратын: қызметкер өзіне қажет қызметтерді сипаттайтын, кейін компанияның тревел менеджері ұшақ және пойыз билеттерін, қонақүйден орын брондайтын, олар компанияның іссапар саясаты мен лимиттеріне сәйкес екенін я емесін тексеретін. Одан кейін ұсынылған нұсқаларды қызметкермен келісіп алғаннан кейін және төлемді растаған соң билет мен ваучер рәсімдейтін.
Енді бұл процесті бірнеше хабарлама жіберіп-ақ жүзеге асыруға болады. Қызметкер жоспарланған сапарды AI Travel Agent-ке сипаттап жазып берсе болды. Жасанды интеллект агенті керек қызметтерді өзі іріктейді, қажет десе, қосымша мәлімет сұрайды, компанияның іссапар саясаты мен белгіленген лимиттерін ескере отырып сапарға керектің бәрін брондайды. Ал компанияның тревел менеджері тек төлемді мақұлдайды.
Жасанды интеллект агенті қызметкердің сұрағанын талдап, іссапарды бастан-аяқ жоспарлайды: ұшақ не пойыз билеттерін, қонақүй, трансфер мен такси сервисін іріктейді. Таңдағанда іссапардың сапасы мен қолайлылыға әсер ететін қонақүйдің тұрған жері мен рейтингі, визаға қатысты талаптар сынды көптеген факторды ескереді.
Қызметкер берген ақпарат жеткіліксіз болса, агент қосымша мәлімет сұрайды. Ал қолайлы нұсқалар табылмаса, басқа күндер мен бағыттар ұсынады.
Компанияның хабарлауынша әр диалогты Freedom Business Travel маманы қадағалап отырады. Билет ауыстыру немесе қайтару сияқты стандарттан тыс мәселе туып жатса, ЖИ агентін кез келген уақытта адам маманға ауыстыруға болады.
Компанияларға жаңа жүйе енгізудің не қызметкерлерді қайта оқытудың қажеті жоқ. Агент үйреншікті жұмыс процестеріне небәрі бір күнде кіріседі әрі оны енгізуге күрделі техникалық интеграция керек емес.
«Біз іссапар ұйымдастыру әріптеске хабарлама жібергендей оңай болуы керек дейміз. Компанияңыздың іссапарға қатысты қағидалары, лимиттері, келісімдері мен тарифтері сияқты бар күрделі процесті Freedom Business Travel ұсынған AI Travel Agent өз мойнына алады, ал сіздің компания тек процесті бақылайды», – деді Freedom Travel компаниясының бас директоры Игорь Бойко.