Фристайлдан ӘЧ: қазақстандықтар аралас командалар сайысында үздік нәтиже көрсетті

22.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кезекті жарыс күні фристайл-акробатикадан аралас командалар арасында сайыс өтті.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі құрам өнер көрсетті. Ардана Маханова, Асылхан Асан және Дінмұхаммед Райымқұлов 212,78 ұпай жинап, төртінші орын алды.

Ал Раяна Маханова, Роман Погосян және Аделина Умурзакова 189,50 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

Жарыста Украина құрамасы 247,50 ұпаймен жеңіске жетті. Канада құрамасы 243,04 ұпай жинап, екінші орын алды. АҚШ командасы 224,54 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында Асылхан Асан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жеңімпазы атанса, Дінмұхаммед Райымқұлов Қазақстан қоржынына күміс медаль салған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью