FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Вашингтон Украинадағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөзде жаңа делдалдардың көмегімен келісімге қол жеткізгісі келеді. Бұл туралы Financial Times газеті жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап жазды.

"АҚШ Кук сияқты жаңа келіссөз жүргізушілер дипломатиялық тығырықтан шығуға көмектеседі деп үміттенеді", - деп жазылған мақалада.

Әңгіме АҚШ-тың Әсем өнерлер жөніндегі комиссиясының төрағасы Родни Кук туралы болып отыр. Ол 3-6 маусым аралығында өткен Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысқан америкалық делегацияны басқарған.

Газеттің мәліметінше, Кук жазда Ресейде келіссөзге қатысқан. Шенеунік кездесулердің егжей-тегжейін айтудан және оның қатысуымен келіссөздердің жалғасатынын нақтылаудан бас тартты.

FT-ке сұхбат берген дереккөздердің бірі Ақ үй басшысы Дональд Трамптың қақтығысты реттеу туралы келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне әлі де оптимистік көзқараста екенін айтты.

Өткен аптада Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Владимир Путиннің АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қайтадан қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, олардың Мәскеуге қандай ұсыныспен келетіні маңызды болмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью