ФТБ ның бұрынғы директорына жаңа айыптар тағылды БАҚ

27.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Федералдық прокурорлар Федералдық тергеу бюросының (ФБР) бұрынғы директоры Джеймс Комиге АҚШ-тың ұлттық қорғанысына қатысты ақпаратты заңсыз берді және осы мақсатта сөз байласты деген айып тақты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап.NBC News.

Телеарна құпиясыздандырылған сот құжаттары мен екі тараптың мәлімдемелеріне сілтеме жасайды.

Іс бойынша құжаттарды округтік судья Тревор Макфадден ашқан. Ол тергеуге негіз болған жағдайлардың "баспасөзде кеңінен жарияланғанын" атап өтті.

Материалда 10 күн бұрын Комидің адвокаттары істі тоқтату туралы өтініш бергені нақтыланды. Үлкен алқабилер сотының айыптау қорытындысы оған әзірге ұсынылған жоқ.

ФБР-дің бұрынғы басшысы әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, жаңа айыптауларға қатысты пікір білдірді:

"Міне, олар тағы да өз дегендеріне көшті. Егер бұл Әділет министрлігі өкілеттігін өрескел асыра пайдалану болмаса, тіпті күлкілі болар еді. Біз мұндай заңсыздыққа бой үйретпеуіміз керек. Менде ештеңе өзгерген жоқ. Мен бұрынғыша кінәсізбін. Мен әлі де бұл адамдардан қорықпаймын және федералды сот жүйесінің тәуелсіздігіне сенемін", - деді ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

James Comey (@comey) жариялаған жазба

Оның адвокаттары айыптаудың екі тармағы да 2016 жылғы 5 қазандағы ақпаратты беру дерегіне қатысты екенін мәлімдеді. Бұл прокурорлар айыптау мазмұндамасын тапсырған күннен тура он жыл бұрын болған. Қорғаушылардың пікірінше, ескіру мерзімі өтіп кеткен, өйткені осы уақыт ішінде билік үлкен алқабилер сотының айыптау қорытындысын алуы тиіс еді.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

James Comey (@comey) жариялаған жазба

Алайда прокурорлар айыптаулар өз уақытында тағылды деп санайды және қорғау тарапы заңды бұрыс түсіндіріп отыр деп мәлімдеді. АҚШ Әділет министрлігі өкілінің айтуынша, айыптау мазмұндамасын тапсыру ескіру мерзімінің өтуін тоқтата тұруға бағытталған.

Егер Коми үлкен алқабилер сотының айыптауды ұсыну құқығынан бас тартпаса, ол тек осы құжат негізінде сотқа тартыла алмайды. Материалда мұндай бас тарту сирек кездесетін қадам болатыны айтылған. Егер іс жалғасатын болса, прокурорларға үлкен алқабилер сотының айыптау қорытындысын алу қажет болады.

Бұл Комиге қарсы қозғалған үшінші федералдық қылмыстық іс. Бұған дейінгі істердің бірінде Вирджиния штатындағы үлкен алқабилер соты оған екі тармақ бойынша: жалған айғақ беру және Конгресс жұмысына кедергі келтіру бойынша айып таққан болатын. Алайда кейіннен сот бұл істі тоқтатты. Тағы бір істе Комиге әлеуметтік желіде жарияланған теңіз қабыршақтарының фотосуреті арқылы Дональд Трампқа қауіп төндірді деген айып тағылды. Бұл іс әлі де қаралып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью