Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Катерде Үндістанның 32 азаматы мен экипаждың төрт мүшесі болған. Оқиға салдарынан 21 адам аман құтқарылып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, алғашқы болып көмекке маңайдағы туристік кемелердің экипаждары келген. Кейін құтқару жұмыстарына шекарашылар, әскери-теңіз күштері, жағалау күзеті және төтенше жағдай қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.
Құтқару операциясын катер ішінде қамалып қалған жолаушылардың болуы қиындатқан. Кейбір зардап шеккендер судан ес-түссіз күйде шығарылғаны айтылды.
Апат кезінде Антхой теңіз айдынында толқын қатты болғанымен, ауа райы жауын-шашынсыз болған. Соған қарамастан өзге туристік кемелер қозғалысын жалғастырған.
Қазіргі уақытта қаза тапқандардың мәйіттері түгел табылып, апаттың нақты себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.