Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Associated Press
46 жастағы «Алтын доп» иегері енді Италияның төменгі дивизионында доп тебеді. Клубтың жаңа ойын жейдесі мен ойыншының таныстырылымы АҚШ-тың Майами қаласында өтті.
Клуб мәліметінше, Роналдиньо командаға символикалық тұлға ретінде емес, нақты ойыншы ретінде қосылған. Бразилиялық жұлдыз кәсіби мансабындағы соңғы ресми голын дәл «Равенна» сапында соғуды көздеп отыр.
Әлем чемпионаты: Винисиус топтық кезеңнің барлық матчында үздік ойыншы атанды
Айта кетейік, 2024 жылы «Равенна» клубын Иньяцио Чиприани мен Black Duck инвестициялық қоры сатып алған. Жаңа жобаның спорттық директоры қызметіне атақты «Миланды» қалыптастыруға атсалысқан тәжірибелі маман Ариедо Брайда тағайындалды. Айта кетерлігі, Брайда бұған дейін Роналдиньомен «Миланның» дәуірлеп тұрған шағында бірге жұмыс істеген.
Сенсация: Оңтүстік Африка Республикасы алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алды
Қазіргі уақытта «Равенна» Италияның С сериясында өнер көрсетеді. Клуб иелері осы транфер арқылы команданы жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отыр.
Айта кетейік, «Милан», «Барселона» мен «ПСЖ» секілді атақты клубтарда ойнаған ол 2015 жылы бразилиялық «Флуминенсе» сапында футболдағы мансабын аяқтаған болатын.