Футбол: Ордабасы Атырау матчында қателікке жол берген төрешілер қызметінен шеттетілді

07.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстан футбол федерациясынан мәлім еткеніндей, аталған төрешілер ұлттық жарыстар аясындағы матчтарда қызмет көрсетуден уақытша шеттетілді.

— Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер етті. Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады, — делінген ресми ақпаратта.

«Ордабасы» — «Атырау» матчында 82-минутта атыраулықтар соққан екінші голды бас төреші Санжар Ысқақов VAR-ды қарағаннан кейін есептемей қойған еді. Егер есептелген жағдайда «Атырау» 2:0 есебімен алға шығатын еді. Оған қоса 97-минутта төреші атыраулықтар қақпасына пенальти белгілеп, шымкенттіктер есепті теңестіріп кетті. Бұл шешімнің де қате болғаны кейін мойындалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қайраттың» «Астананы» ірі есеппен жеңгенін жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью