Футбол жанкүйерлері үшін виза алу жеңілдейді

18.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Футбол жанкүйерлері үшін енді АҚШ-қа виза алу жеңілдейді. Келер жылы жазда Құрама Штаттарда теңбіл доптан әлем чемпионаты өтеді.

Бұл арада президент Трамп тиісті тапсырма берді. Енді қолыңда ойынға билеті бар азаматтың сұхбатқа кезегі тез жылжиды. Десе де бұл АҚШ футбол жанкүйерлерінің бәріне бірдей елге кіруге рұқсат береді деген сөз емес. Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, қазір Америкаға виза рәсімдеу мерзімі 60 күннен аспауы тиіс. Сарапшылар: «әлем чемпионатынан Құрама Штаттар бюджетіне 30 млрд доллар кіріс түседі», - деп топшылайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью