Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей офф кезеңінің екінші раунды қашан басталатыны белгілі болды

04.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мундиальдың екінші раундының шымылдығын Канада мен Марокко командалары түретін болады. Матч 4 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 22:00-де басталады. Көрермендер аиалған ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирден көре алады.

Ал 5 шілдеге қараған түні сағат 02:00-де алаңға Франция мен Парагвай құрамалары шығады.

2026 жылғы Әлем кубогының 1/8 финалының қалған жұптары мыналар:

Бразилия-Норвегия (6 шілде – 01:00); Мексика-Англия (6 шілде – 05:00); Португалия-Испания (7 шілде – 00:00).; АҚШ-Бельгия (7 шілде – 05:00); Аргентина-Египет (7 шілде – 21:00); Швейцария-Колумбия (8 шілде – 01:00).

Бұған дейін Колумбия Гананы жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің бірінші раундын түйіндегені хабарланған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью