Футболдан ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне жетті

19.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бегайым Қырғызбаева бастаған ұжымның қарсыласы бұл жолы Беларусь құрамасы болды.

Кездесу Грузияның Гори қаласындағы Тенгиз Бурджанадзе атындағы стадионда өтіп, Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды 84-минутта Қазына Норбаева соқты.

Бұл жеңіс қазақстандық футболшыларға 6 ұпай жинауға мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы көш бастап тұрған Беларусьпен ұпай саны теңесіп, топта екінші орында тұр.

Отандастарымыз қазірге дейін Арменияны 3:0 есебімен жеңіп, Беларуське 0:1 есебімен есе жіберген еді.

Қазақстандық футболшылар алдағы кездесуде 5 маусым күні сырт алаңда Армения құрамасымен шеберлік байқасады.

Іріктеу кезеңі ойындары наурыз, сәуір және маусым айларында өткізіліп жатыр.

Айта кетсек, ақпан айында Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды.

Еліміздің ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметін 2022 жылы бастады. Ол «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью