Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл күні өткен жылғы ел чемпионы «Ақтөбе» сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпеспен» шеберлік байқасқан еді. Кездесу барысында ақтөбелік футболшылар алаң иелері қақпасына жауапсыз жиырма гол соқты. Осылайша, алғашқы турда олар гол соғу жөнінен рекордтық нәтижені тіркеді.
Ал былтыр күміс жүлдегер атанған шымкенттік «БИІК» Қызылордада жергілікті «Қайсарды» тізе бүктірсе, алматылық «Қайрат» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісуды» қапы қалдырды.
Ойын нәтижесі
«Жетісу» (Талдықорған) — «Қайрат» (Алматы) 1:4
«Ордабасы» (Шымкент) — «Ұлытау» (Жезқазған) 2:0
«Қайсар» (Қызылорда) — БИІК (Шымкент) 0:4
«Томирис-Тұран» (Түркістан) — «Атырау» 2:0
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ақтөбе» 0:20.
Енді 28 сәуірде жалғасады. Бұл күнге тағы төрт ойын жоспарланған.
28 сәуір
«Ертіс» (Павлодар) — «Жеңіс» (Астана)
«Алтай» (Өскемен) — «Қызылжар» (Петропавл)
«Тобыл» (Қостанай) — «Астана»
«Шахтер» (Қарағанды) — «Елімай» (Семей).
Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.