Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Финалдық матчқа АҚШ президенті Дональд Трамп арнайы келеді. FIFA президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Трамп марапаттау рәсіміне қатысып, әлем чемпионатының кубогын жеңімпаз командаға табыстауға атсалысады.
Ал Аргентина президенті Хавьер Милей, керісінше, АҚШ-қа барудан бас тартқан. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ол мұны ырымға сенетіндігін айтып түсіндірген.
Милей ұлттық құраманың осыған дейінгі барлық жеңісін өзінің Оливос резиденциясында тамашалаған. Финалды да сол жерде көрмек. Тіпті команданың жолы болсын деп, алдыңғы ойындарда киген сол бір күртешесін тағы киетінін айтқан.
Футболдан әлем чемпионатының жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?
Айта кетейік, Аргентинада президенттердің ұлттық құраманың маңызды матчтарына бармауы бұрыннан қалыптасқан үрдіс саналады. Бұған 1990 жылғы әлем чемпионаты себеп болған. Сол кезде ел президенті Карлос Менем құраманың алғашқы ойынына барғаннан кейін Аргентина күтпеген жерден Камеруннан жеңіліп қалған. Содан бері көптеген аргентиналық саясаткерлер мұндай кездесулерге бармауға тырысады.