Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Солтүстік Македониямен тең ойнады

14.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. Скопьеде 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы ойын аяқталды.

Тоше Проески ұлттық аренасында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойын бірінші минуттан ұлттық құраманың басым шабуылымен басталды. Алайды екінші таймда македониялықтар көбірек шабуыл жасады.

54-ші минутта Дінмұхаммед Караман қақпа алдындағы тартыс кезінде допты өзінен асырып тебу арқылы гол соқты. Алайда 74-ші минутта алаң иелерінің капитаны Энис Барди айып добын дәл орындап, есепті теңестірді.

Осы матчтан кейін Талғат Байсуфинов шәкірттері жеті ойыннан кейін J тобында жеті ұпаймен төртінші орында тұр.

Қазақстан іріктеудегі соңғы ойынын 15 қарашада Астанада Бельгияға қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью