Футболдан Бірінші лигада Шахтер ірі жеңіске жетті

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл тур ойындары 23 және 24 сәуір күндері өткізіледі.

Бұл күні қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда Түркістан облысының «Арыс» клубымен шеберлік байқасты. 

Қарағандылық команда биыл алдына Премьер-лигаға қайта оралу мақсатын қойып отыр. Кездесу барысында олар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде бірінші кезеңде екі гол соғып үлгерсе, екінші кезеңде тағы төрт мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Осылайша қарағандылық команда қарсыласынан 6:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде жеті ұпаймен бірінші орынға жайғасты.

23 сәуірдегі ойын нәтижесі

«Астана-Ж» — «Академия Оңтүстік» (Шымкент) 1:0
«Қайрат-Ж» (Алматы) — «Ақтөбе-Ж» 6:0
«Батыр» (Павлодар облысы) — «Каспий-Ж» (Ақтау) 1:0
«Арыс» (Түркістан облысы) — «Шахтер» (Қарағанды) 0:6.

Енді 24 сәуірде тағы үш ойын өткізіледі. Олардың арасында «Тобыл-Ж» (Қостанай) — «Тұран» (Түркістан) кездесуі ерекше қызығушылық туғызып отыр. Алғашқы турда олар ойламаған жерден «Академия Оңтүстік» клубына 0:1 есебімен есе жіберген еді. Алдағы жылы Премьер-лигаға қайта оралуды алдына мақсат еткен түркістандық клуб енді ұпай жоғалтпауға тырысады.

24 сәуірдегі ойын кестесі

15:00. «Тобыл-Ж» (Қостанай) — «Тұран» (Түркістан)
16:00. «Тараз» — «Елімай-Ж» (Семей)
18:00. «Хан тәңірі» (Алматы) — «Жайық» (Орал)

Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының әлемдік рейтингідегі орны жақсарды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью