Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл турдағы екінші ойын күнінде «Тараз» сырт алаңда «Ақтөбе-Ж» командасымен кездесті.
Биыл тараздық футболшылар Премьер-лигаға қайта оралуды көздеп отыр. Команда құрамына көптеген тәжірибелі футболшыны қатарға қосты. Соған қарамастан бүгін қарсыласына есе жіберуге мәжбүр болды. Кездесу тағдырыш шешкен жалғыз гол ақтөбелік Досжан Арыстановтың еншісіне жазылды.
Осылайша «Тараз» қарсыласына 0:1 есебімен жіберіп қойды.
16 сәуір
«Каспий-Ж» (Ақтау) - «Қайрат-Ж» (Алматы) 1:1
«Жайық» (Орал) - «Астана-Ж» 1:0
«Тұран» (Түркістан) - «Арыс» (Түркістан облысы) 1:0
17 сәуір
«Шахтер» (Қарағанды) - «Батыр» (Павлодар облысы) 4:0
«Ақтөбе-Ж» - «Тараз» 1:0
«Елімай-Ж» (Семей) - «Хан тәңірі» (Алматы) 3:3
«Академия Оңтүстік» (Шымкент) - «Тобыл-Ж» (Қостанай) 3:0.
Бұл турдан кейін алты ұпай жинаған «Академия Оңтүстік» пен «Жайық» командалары көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Шахтер» мен «Ақтөбе-Ж» төрт ұпай жинаған.
Енді алдағы тур ойындары 23 және 24 сәуір күндері өткізіледі. Алдымен 23 сәуірде «Астана-Ж» мен «Академия Оңтүстік», «Батыр» мен «Каспий-Ж», «Қайрат-Ж» мен «Ақтөбе-Ж», «Арыс» пен «Шахтер» кездеседі. Одан кейін 24 сәуірде «Тобыл-Ж» мен «Тұран», «Тараз» бен «Елімай», «Хан тәңірі» мен «Жайық» жасыл алаңға шығады.